Улугбек Шалхарович Медеубеков 1973 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Қоғамдық денсаулық сақтау және жалпы хирургия бойынша жоғары біліктілік санатына ие.
1996 жылдың 5 тамызынан бастап 30 желтоқсанына дейін Алматы қ. ҚМЖЖҚА базасында хирургия бойынша дипломнан кейінгі мамандандырудан өтті.
Дәрігерлік еңбек жолын 1997 жылы бастаған.
2002 жылы «Хирургия» мамандығы бойынша 3 жылдық аспирантураны бітірді.
2008 жылы «Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институты» РМҚК-да хирургия мамандығы бойынша докторантураны бітірді.
Докторантураны тәмамдағаннан кейін сол институтқа хирургия кафедрасының доценті лауазымына қабылданды.
2011-2013 жылдары Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында Бас директордың ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2012-2014 жылдары Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, оған Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі берілді.
2014 жылы «Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институты» ШЖҚ РМК диагностикалық жарықішілік эндоскопия кафедрасының профессоры лауазымына қабылданды және А.Н.Сызғанов атындағы ҰХҒО АҚ бас директорының ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін қоса атқарды.
2017 жылы «А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2021 жылы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК директоры болып тағайындалды.
2022 жылғы 17 тамызда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен «№16 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 21 қазаннан бастап Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№16 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар, Улугбек Шалхарович:
- 2020 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сапа жөніндегі біріккен комиссиясының мүшесі;
- «Жалпы хирургия» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша тәуелсіз сарапшы (ҚР ДСМ, 2010);
- «Қазақстандық хирургтар қоғамы» РҚБ хатшысы болып табылады.
2011 жылы «Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Оның 250-ден астам ғылыми-практикалық жұмыстары бар, оның ішінде: 4 монография және 15 әдістемелік ұсынымдар, 6 рецензияланатын шетелдік басылымдарда шығарылған.
Қазақстан Республикасының өнертабыстарына арналған 40 инновациялық патенттер мен предпатенттердің авторы.