Бөлімше меңгерушісі
Педиатрия бойынша жоғары санатты дәрігер,
Жалпы практика дәрігері сертификаты бар
Жалпы еңбек өтілі 35 жыл
№ 16 Қалалық емханада 33 жыл жұмыс істейді
Аға мейірбике
Жоғары санатты мейірбике
Жалпы еңбек өтілі -45 жыл
№ 16 Қалалық емханада 42 жыл жұмыс істейді
Педиатрия бөлімшесінің дәрігерлері
Бөлімше дәрігерлері
Бөлімшенің негізгі функциялары:
1) Балаларға консультациялық, диагностикалық, емдік көмек, диспансерлеу және медициналық оңалту жүргізу;
2) Патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделіне сәйкес жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерте жастағы балаларға патронаждар және белсенді түрде тексеруге бару;
3) профилактикалық егулердің мерзімдеріне сәйкес вакцинацияны жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;
4) көрсетілімдер болған кезде балаларды бейінді мамандарға консультацияға жіберу;
5) жедел және созылмалы ауруларды анықтау, шұғыл және жоспарлы емдеу іс-шараларын уақтылы жүргізу;
6) көрсетілімдер болған кезде балаларды тәулік бойы стационарға, күндізгі стационарға жіберу және үйде стационарды ұйымдастыру;
7) диспансерлік есепте тұрған созылмалы аурулары бар балаларды динамикалық бақылау, емдеу және сауықтыру;
8) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
9) ерте жастағы балалардың туа біткен патологиясы мен психикалық-физикалық дамуының, көру және есту функцияларының бұзылуын анықтау үшін скринингтік тексерулер жүргізу;
10) мектепке дейінгі немесе мектеп мекемелеріне түсер алдында балаларды сауықтыруды ұйымдастыру;
11) ата-аналармен және отбасы мүшелерімен немесе олардың заңды өкілдерімен дұрыс тамақтану, балалар ауруларының профилактикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу.
- Медициналық этика мен деонтологияны сақтау .
- Дәрігерлік құпияны сақтау («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 95-бабы).