Құрметті пациенттер !
Егер Сіз №16 Қалалық емханадан дәрігерді үйге шақырғыңыз келсе, оны келесі тәсілдермен жүзеге асыра аласыз:
1.Емханаға жүгіну.
2.Телефон арқылы.
3. Egov.kz электрондық үкіметі арқылы
«Электрондық үкімет» веб-порталында (бұдан әрі - Портал) медициналық ұйымға бекітуді жүзеге асыру үшін:
1) порталда тіркелу (ЖСН, электрондық пошта) қажет;
2) электрондық цифрлық қолтаңба талап етілмейді.
Порталмен жұмысты бастау үшін www.egov.kz. сілтемесі бойынша өтіңіз.
«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА ТІРКЕЛУ
Порталда тіркелу үшін-негізгі беттің жоғарғы жағындағы «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
Нәтижесінде келісім бар бет көрсетіледі. Мұқият оқып шығыңыз, қызмет субъектісін - жеке немесе заңды тұлғаны белгілеңіз, «Мен таныстым...» мәтінінің алдына белгі қойыңыз, содан кейін «Тіркеу» батырмасын басыңыз.
Жеке сәйкестендіру нөмірі (*ЖСН), одан әрі «Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорынан тегі мен атын табу» іздеу белгісін басыңыз және портал автоматты түрде осы ЖСН-ға сәйкес келетін деректерді «тегі» және «аты» жолақтарына табады және енгізеді;
Құпия сөзді ойлаңыз (кем дегенде 8 таңба, латын әріптері мен сандарын қолданған жөн);
Электрондық мекенжайы – бар электрондық пошта жәшігін көрсетіңіз
Барлық жолдарды толтырғаннан кейін «Тіркелу»батырмасын басыңыз.
«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ АЛУ
Авторландыру. Электрондық қызметті алу үшін порталда авторландыру процесінен өтіңіз – «кіру» батырмасын басыңыз және өзіңіздің ЖСН мен Пароліңізді (Сіз тіркеу кезінде көрсеткен) енгізіңіз, содан кейін «жүйеге кіру» батырмасын басыңыз.
Қызметті таңдау. «Дәрігерді үйге шақыру» қызметін табуға болады:
іздеу өрісіне қызмет атауын енгізу арқылы;
«Онлайн қызметтер бір тізіммен» батырмасы бойынша өту.
Оны алу үшін «Қызметке ОНЛАЙН тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
Жолдарды толтыру және сұранысты жіберу.
Ашылған бетте барлық өрістерді толтырыңыз. Барлық жолдарды толтырғаннан кейін келесі қадамға өту үшін «сұрау жіберу» батырмасын басыңыз.
Құжатты қарау барысында пайдаланушының жеке кабинетіне:
1) жеткізу туралы хабарлама;
2) мемлекеттік органда тіркелген күні мен берілген тіркеу нөмірі көрсетілген өтінішті тіркеу туралы хабарлама не өтінішті тіркеуден бас тарту себебі көрсетілген тіркеуден бас тарту туралы хабарлама;
4) Орындаушы мен орындау мерзімін көрсете отырып, орындауға жіберу туралы хабарлама;
5) орындаушы, орындау күні көрсетілген орындау туралы хабарлама және өтінішті қарау нәтижелері туралы ақпарат не өтініштің басқа субъектілерге немесе құзыретіне сәйкес лауазымды тұлғаларға қарауға жіберілгені туралы ақпарат келеді.
Мемлекеттік қызмет:
Сіз келесі мемлекеттік қызметтерді Egov.kz электрондық үкіметі арқылы пайдалана аласыз
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу
- дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру
Барлық туындаған сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуға болады:
+7(727)220-83-85;
Egov.kz Электрондық үкіметінің жұмысы бойынша
Бірыңғай байланыс орталығы 1414
8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін)