Шаруашылық жүргізу құқығындағы«№ 16 қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы Әуезов ауданының ірі аралас емханаларының бірі болып табылады.
Жеке емдік-профилактикалық мекеме ретінде, емхана 1977 жылдың 6 маусымында Алматы қалалық Еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитеті денсаулық сақтау бөлімінің №103/5 «№2 балалар емханасын ұйымдастыру туралы» бұйрығымен құрылды.
Ұзақ уақыт бойы емхана 80 мыңға жуық балаларға қызмет көрсете отырып, балалар емханасы болып қалды.
1994 жылдан бастап Алматы қ. ҚДСБ 29.07.1994 ж.№ 210 бұйрығымен № 2 балалар емханасы № 16 қалалық емхана болып атауы ауыстырылдыжәне осы сәттен бастап өзінің құрамында әйелдер кеңесі болып,балаларға да қызмет көрсеткендіктен, ішінара аралас қызметті емхана болды.
2002 жылдан бастап Емханаға терапевтік учаскелер қосылды, басында 23000 халық көлемінде, ал 2008 жылдан бастап 45000 халық көлемінде болды. Жылдар өткен сайын халық саны артып, 2013 жылға қарай 63252-ге жетті, оның ішінде 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар саны 14500 құрады.
2015 жылғы 1 наурыздан бастап емхана толықтай отбасылық қызмет көрсетутүріне көшті, осыған байланысты, барлық қызмет көрсету ауданы 32 жалпы практика дәрігері (бұдан әрі-ЖПД) учаскесі болып қайта құрылды, олар халыққа учаскелік типі бойынша қызмет көрсетеді.
Емхана қосылмайтын екі (4 және 5 қабатты) корпустан тұрады, жалпы ауданы-3056 шаршы метр, жоспарлы қуаты ауысымда 600 келушіні қабылдау болса, нақты-773,2 қабылдау жүргізеді.
2013ж. бастап Алматы қ. Әкімдігінің 15.04.2013 ж. № 2/350 Қаулысына сәйкес емхана өзінің заңды мәртебесін өзгертті және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болды, ал 2019 ж. бастап Алматы қаласы Әкімінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 1/199 қаулысына сәйкес мәртебесі шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып ауысты.