№ 16 Қалалық емхананың қызметкерлері N9 орта мектеп оқушыларының ата-аналары арасында Манту сынамасын өткізуге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ата-аналар төмендегі деректерді білуі керек:
Манту сынамасы – бұл диагностикалық тест, ол тек дәрігер үшін қосымша ақпарат болып табылады; балалардағы Манту сынамасына оң реакциясы –егер қосымша анықтайтын факторлар болмаса, туберкулезге қарсы ем тағайындау және диагностикалау үшін себеп емес.
Естеріңізге сала кетейік, оқу жылының басталуымен № 16 қалалық емхананың оқушылар денсаулығын қорғау орталығы бірінші сынып оқушылары арасында Манту сынамасын және БЦЖ ревакцинациясын жүргізуді бастады.
№ 16 қалалық емхана аумағында 8 мектеп жұмыс істейді. Туберкулезге қарсы ревакцинация науқаны қыркүйек айында өтеді.