– Емхананың 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; Емхананың 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы туралы есеп жобасын келісу мәселелері қаралған (2023 жылғы орындау).
2024 жылғы 19 наурызда өткен Алматы қ. ҚДСБ «№ 16 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК (бұдан әрі - Емхана) Байқау кеңесінің кезекті отырысында медициналық мекеменің қаржы-шаруашылық қызметі
– Емхананың 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; Емхананың 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы туралы есеп жобасын келісу мәселелері қаралған (2023 жылғы орындау).
Күн тәртібіндегі осы және басқа да мәселелер бойынша Алматы қ. ҚДСБ «№16 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК директоры У.Медеубековтың есебі тыңдалды.
Баяндамада Емхананың бюджетіне, шығыстары мен кірістеріне, ресурстарды пайдалану тиімділігіне, қажетті медициналық жабдықтар мен басқа да қажеттіліктерді сатып алуға бағытталған қаржы ағындарын жоспарлауға талдау жасалды.
Емхананың қаржылық тұрақтылығын және шаруашылық қызметпен байланысты басқа да аспектілерді одан әрі нығайту стратегиясы талқыланды. Кіріс бөлігінің динамикасы қызметкерлерге сыйақы беру мәселелерін шешуге, Емхананы халыққа қызмет көрсету үшін қажетті медициналық техникамен жабдықтауды жоспарлауға мүмкіндік береді.
Байқау кеңесі медициналық мекеме жұмысының қаржылық және операциялық аспектілерін бақылауда, пациенттерге сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн.
Байқау кеңесінің отырысында Емхана мен басқару қызметіне қатысты басқа да мәселелер талқыланды.