Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары
А.Құспан, А.Сарым және Ж.Сүлейменова қалалық мәслихат депутаттары Е.Қасымов,А.Көбеева Президенттің Конституциялық реформасын
түсіндіру мақсатында Алматы қаласының №16 қалалық емхананың ұжымымен кездесті.
Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары А.Құспан, А.Сарым және Ж.Сүлейменова қалалық мәслихат депутаттары Е.Қасымов,А.Көбеева Президенттің Конституциялық реформасын түсіндіру мақсатында Алматы қаласының №16 қалалық емхананың ұжымымен кездесті. Кездесу барысында депутаттар Конституцияға 34 түзетулер енгізілетіні туралы атап өтті. Мысалы, сайлаушылар депутатты сайлау алдындағы бағдарламаларын орындамағаны үшін кері шақырып ала алады, заңдарды қабылдау тиімділігі артады, аса маңызды мәселелер бойынша заң шығару процесі жеделдетіледі, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау күшейтіледі және т.с.с. Мекеме ұжымы өз тарапынан біраз әлеуметтік мәселелерді көтеріп, депутаттар заң шеңберінде жауабын берді.