N16 Қалалық емханада бас дәрігердің м.а. Ұлықбек Медеубеков және емхана қызметкерлерінің қатысуымен еліміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі-Конституция күнін мерекелеу бойынша салтанатты іс-шара өтті.
Ұлықбек Медеубеков өз сөзінде:
- Бүгінде біздің басты мақсатымыз көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығын нығайту, азаматтық жауапкершілікті, адамдардың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту болып қала береді. Жақында біздің елімізде ел үшін маңызды қайта құру - Референдум өтті.
Осы жылы өткізілген Референдум Қазақстанның болашағы үшін және жаңа Қазақстанның құрылуы үшін тарихи маңызға ие болды. Қазақстан халқы маңызды өзгерістерге дауыс берді, енді біздің үйлесімді жұмысымыз, ұйымшылдығымыз бен жасампаздығымыз Қазақстанның одан әрі өркендеу мен игілікке қарай ілгерілемелі қозғалысын айқындайтынын түсіне отырып, болашаққа сеніммен және оптимистік көзқараспен қарай аламыз.
Әріптестер, Сіздерді келе жатқан мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, тек жақсылық және табыс тілеймін! - деп атап өтті.