Алматы қ. ҚДСБ «№16 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК Байқау кеңесі кезекті отырысты өткізіп, кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын қарап, бекітті.
Жұмыс жоспары кеңестің алдағы кезеңге арналған міндеттері мен бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады, онда оның өкілеттіктерінен туындайтын негізгі басымдықтар мен мәселелер ескеріледі. Оның ішінде емхана әкімшілігінің емхананы дамыту жоспарын орындау жөніндегі есептерін; 2024 жылғы қосымша көздерден алынған бюджет қаражаты мен қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі есептерді тыңдау; мемлекеттік тапсырысты орындау; ТМККК көрсету; емхананың құрылымын жетілдіру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар; кадр мәселелерін шешу; медициналық персоналдың еңбек жағдайларын жақсарту және емдеу-профилактикалық мекеме қызметінің басқа да өзекті мәселелері болды.
Кеңес жұмысы барысында жыл бойы емхана жұмысының құрылымын оңтайландыру, пациенттер мен қызметкерлер үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану, көрсетілетін медициналық қызметтердің және жалпы медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, пациенттердің қанағаттану деңгейін арттыру және тиісті жақсартуларды енгізу мәселелері қаралатын болады.
Алматы қ. ҚДСБ «№16 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК директоры У.Медеубеков баяндағандай, құрылымды жетілдіру және оңтайландыру, жалпы емхана жұмысын ұйымдастыру бойынша шаралар белгіленген.
БК мүшелері кеңестің бір жылға арналған жұмыс жоспары емхана мен оның пациенттерінің ағымдағы ахуалы мен қажеттіліктерін ескеру үшін тұрақты отырыстар барысында үнемі талқыланып, толықтырылып отыратынын атап өтті.
Байқау кеңесі сонымен қатар қалалық емхана көрсететін ақылы қызметтер бағасының прейскурантын бекітті, қажетті медициналық жабдықтарды сатып алу, аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін, сондай-ақ сарапшы дәрігерге және комплаенс-офицерге еңбекақы төлеу шарттарын айқындау жөніндегі жоспарларды тыңдады.
Барлық талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.