11 Мамыр 2023
Халықаралық медбикелер күні аясында
Жамбулатова Гульбану Копжасаровна бала кезінен медбике болуды армандаған.
"Маған ақ халат қатты ұнайтын, бала кезімнен медицина қызметкері болу арманым еді. Бұл менің жолым, мен медицинаға көп жыл арнағаным үшін өкінбеймін, бұл өте қызық мамандық",- дейді Гульбану.
Оның арманы орындалды, міне, 33 жыл бойы ол адамдарға көмектесіп келеді!
Біздің кейіпкеріміз еңбек жолын қала стационарларының бірінде эндоскопиялық бөлімшенің медбикесі болып бастаған. Қазір осымен 8 жыл бойы N16 қалалық емхананың бас медбикесі болып жұмыс істейді.
Өзі нәзік болғанымен емхананың 200-ден астам орта және кіші медициналық қызметкерін басқарады.
Гульбану Копжасаровна адалдық пен коммуникабельділік, шыдамдылық пен табандылық, талапшылдық пен ынта сияқты барлық адами қасиеттерге ие.
"Мен үшін алдыма қойылған міндеттерді орындау маңызды. Медбике ретінде жұмыс істеу маған көп нәрсені үйретті. Біріншіден, көп дос сыйлады. Біздің ұжым өте жақсы, ұйымшыл. Біз ұзақ уақыт бірге жұмыс істедік, қашанда бір-бірімізді қолдаймыз.
Осы жылдар ішінде менде көптеген ризашылық білдірген пациент болды. Емделушінің ризашылығын есту өте керемет сезім. Менің ойымша, медбике жұмысындағы ең бастысы - адамдарға қол ұшын созып көмектесу", - дейді кейіпкеріміз.
Гульбану Копжасаровна медицина саласына қосқан үлесі үшін көптеген марапатпен наградталған.
Соңында, Гульбану барлық медбикелерді осы мерекемен құттықтап, ең бастысы - зор денсаулық тіледі!