Біздің ұжымда 166 мейіргер жұмыс істейді. Олардың көбісінде үлкен жұмыс өтілі бар, кәсіби тәжірибесі мол. Бұл медициналық мекеменің табысты жұмыс істеуі, пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін маңызды рөл атқарады. Менің 165 әріптесімнің әрқайсысы туралы көптеген жылы сөздер айтуға болады. Бахыткуль Топанова, Алма Тюльбаева, Акбота Аккозина, Майра Кортубаева, Ира Жаксыбаева… Барлығын атап өту мүмкін емес, бірақ әрқайсысы өзінің көп жылдық еңбегі үшін жылы лебіздерге лайық.
Біздің мейіргерлер көптеген міндеттерді орындайды. Дәрігермен бірге олар пациенттерді қабылдайды, қарап-тексерулерге қатысады, инъекциялар, қан алу, таңу және тағы сол сияқты әртүрлі медициналық процедуралар жасайды.
Жұмыстың жеке бөлігі – медициналық құжаттаманы жүргізу. Олар пациенттерге қолдау көрсетіп, қарым-қатынасты да орнатып, рецептілер мен жолдамаларды және т.б. жұмыстарды атқарып үлгереді.
Медициналық персоналдың ажырамас және маңызды бөлігі бола отырып, пациенттерге қамқорлық жасап, олар өздерін сенімді сезінуге, қажетті көмекті уақтылы алуға, әркімге қиын уақытта көңіл бөлуге және қолдау көрсетуге көмектеседі. Қалалық емхананың мейіргерлері әрқашан пациенттердің жанында, оларды тыңдауға және көмектесуге әрдайым дайын тұрады. Жұмыстарының күрделілігіне қарамастан, олар әрқашан олардың көмегіне мұқтаж адамдардың жанында мейірімді және қамқор болып қала береді. Әрқайсысының жұмыстан кейін асығатын отбасы, балалары бола тұра, өз жұмыстарына, кәсібіне адалдығын көрсетеді.
Әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, мейірімді жүректеріңіз бен шебер қолдарыңыз үшін рахмет айтқым келеді! Баршаңызға аман-саулық, көптеген қуанышты, жарқын күндер тілеймін, қымбатты әріптестер!
МАКПАЛ БАЛТАБЕКҚЫЗЫ
№ 16 қалалық емхананың бас мейіргері