Дәстүрлі түрде 5 мамырда атап өтілетін Халықаралық акушерлер күні № 16 қалалық емхананың акушерлік-гинекологиялық бөлімшесінің мейірбикелері үшін де екінші кәсіби мереке болып табылады.
Дәстүрлі түрде 5 мамырда атап өтілетін Халықаралық акушерлер күні № 16 қалалық емхананың акушерлік-гинекологиялық бөлімшесінің мейірбикелері үшін де екінші кәсіби мереке болып табылады.
Амбулаториядағы акушерлік қызмет ең ауыр учаскелердің бірі болып саналады. Бөлімшенің аға акушері Бақытжан Октябрьқызы Раипова өзінің жауапкершілігімен ерекшеленеді. Бөлімшенің гинеколог-дәрігерлерімен қатар ол пациенттердің денсаулығына қамқорлық жасап, босанғанға дейінгі кезеңде әйелдердің хал-жағдайын бақылауда ұстайды, жүктіліктің қалыпты жүруіне ықпал етеді. Болашақ аналардың босануға дайындығында асқынулар болмауы үшін, талдау нәтижелеріне үнемі бақылау жүргізіп отырады.
Бақытжан Октябрьқызы бұл қызметті атқарғанына 12 жыл болды. Өз кәсібінде - 30 жыл, оның ішінде осы емханада - 21 жыл мүлтіксіз қызмет атқаруда. Ол жоғары санатты акушер және онсыз бірде-бір шеберлік класы немесе біліктілікті арттыру курстары өтпейді.
Бір күн ішінде ол көп нәрсені үлгеруі керек. Пациенттермен дәрігерге дейінгі қабылдау мен тексеруді ұйымдастыру жұмыстарынан бастап бөлімшенің орта медицина қызметкерлерінің жұмысын бақылауда ұстау және медициналық құжаттаманы жүргізу сияқты жұмыстарға дейін…
Бөлімше пациенттері емхананың тәжірибелі және сауатты мамандарының бірі болып табылатын мейірбике Роза Тұрарқызы Құлбаеваны жақсы біледі. Оған, жоғары санатты мейірбикеге акушерлік-гинекологиялық бөлімшенің күндізгі стационарындағы жұмыс сеніп тапсырылған. Роза Тұрарқызының жалпы еңбек өтілі 33 жылдан астам. Биыл №16 қалалық емхананың ұжымында жұмыс істегеніне 25 жыл толады.
Әр түрлі, ауыр жағдайларда тез шешім таба біледі, өз жұмысына адал, жауапты және ісіне мұқият қарайтын Роза Тұрарқызы жас мейірбикелерге өз білгенін үйретуден жалықпайды.
Мейірбике мамандығын таңдаған бөлімше мейірбикесі Кәмила Әбусейітқызы Рыспаева да өз ісінің шебері. Өз міндеттеріне жауапкершілікпен және адал қарайтын жас маман. 2016 жылы С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ «мейірбике ісі» мамандығы бойынша бітірген. Кәмила екі жыл №2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасында балалар неврологиясы бөлімшесінің мейірбикесі болып жұмыс істеген. 2020 жылдың шілде айынан бастап №16 Қалалық емхананың емшара кабинетінің мейірбикесі лауазымын атқарады. Күлімсіреп тұратын, сабырлы мінезді Кәмила өзінің аға әріптестерінің үздік тәжірибесін бойына сіңірген.
... Бөлімше ерекше сүйіспеншілікпен гүлдермен безендірілген, бұл бөлімшенің пациенттері үшін аса маңызды. Бірақ ең бастысы – бұл жерде өз кәсібін жақсы көретін және пациенттері арасында зор беделге ие болған адамдар жұмыс істейді.