Біздің елімізде 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланды, оның аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында балаларды қорғау бойынша нақты шаралар белгіленген.
1 маусымда бүкіл әлемде
Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі
Біздің елімізде 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланды, оның аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында балаларды қорғау бойынша нақты шаралар белгіленген.
Қоғамның өскелең ұрпаққа деген қамқорлығын қамтамасыз ету және назар аудару үшін Қазақстанда іс-шаралар жоспары іске асырылуда, жоспарға сәйкес Балалар жылы олардың дене шынықтыру, мәдени және спорттық дамуы бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылады.
Басты іс-шаралардың қатарында скринингтер мен медициналық тексерулер жүргізу бар.
Бүгін Алматы қаласының №16 қалалық емханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар суреттерінің байқауы өткізілді және де әрбір жас қатысушы сыйлыққа ие болды.
Сондай-ақ, емханада балалар кардиологы, м.ғ.к., ҚазҰМУ педиатрия кафедрасының доценті Қ.Е. Ибраева, неврапотолог, эндокринолог, отоларинголог, балалар хирургі, психолог сияқты арнайы маман дәрігерлердің қабылдауына Ашық есік күні жарияланды.
Балаларымыздың дені сау болып өссін!