№ 16 қалалық емханадағы күндізгі стационар ұдайы қызу жұмыс үстінде. Қысқа мерзімде денсаулығын түзетуге келетін пациенттер саны ешқашан толастаған емес.
№ 16 қалалық емханадағы күндізгі стационар ұдайы қызу жұмыс үстінде. Қысқа мерзімде денсаулығын түзетуге келетін пациенттер саны ешқашан толастаған емес.
Амбулаториялық жағдайда бұл өте ыңғайлы – Сіз процедураларға ыңғайлы уақытта келіп, оларды аяқтап, үйге немесе жұмысқа бара аласыз. Дәрілік заттарды көктамыр ішіне тамшылатып енгізу, сондай-ақ бұлшықетішілік, тері астына және көктамыр ішіне енгізу сияқты күрделі емшаралар курсын тәжірибелі мейірбикелер Майра Бейсенқызы Кортубаева мен Ира Есімханқызы Жақсыбаева орындайды.
Биыл Майра Бейсенқызының мейірбике болып жұмыс істегеніне 30 жыл толады. Еңбек жолын Шу қаласының аудандық ауруханасында бастаған, ол бүгінде тәжірибелі жоғары санатты мейірбике. Маусым айында №16 Қалалық емханада жұмыс істегеніне 14 жыл.
Ира Есімханқызының мейірбике ретіндегі еңбек өтілі 27 жыл. Ол №1 Қалалық клиникалық ауруханада кәсіби шеберлігін шыңдап, №16 Қалалық емханада 2008 жылдан бастап жұмыс істейді.
Күндізгі стационарда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар. Науқастардың саны өте көп, түрлі сырқатпен дәрігердің тағайындауын алған науқастар бір орынға жиналады. Әр науқас адамның көңілін тауып, барлық емшараларды мінсіз орындау керек. Осы екі мейірбикенің атына түскен шексіз алғыс, олардың зор құрметке ие болғанын көрсетеді.