БРУЦЕЛЛЕЗ ӨТЕ ҚАУІПТІ!
Бруцеллез дегеніміз не?
Бруцеллез - ауру жануарлардан адамға берілетін, адам ағзасының мүшелері мен жүйелерінің көптеген зақымдануымен сипатталатын инфекциялық ауру.
Қоздырушыны тасымалдаушы көптеген үй жануарлары, ауылшаруашылық және жабайы аңдар болып табылады, бірақ адам үшін бруцеллездік инфекцияның негізгі көзі қой, ешкі, ірі қара мал, шошқа, ит болып табылады.
Адамдағы бруцеллез ауыр сырқат, ол созылмалы түрге өтіп, мүгедектікке әкелуі мүмкін. Көп жағдайларда тірек-қимыл аппараты, жүйке, зәр шығару-жыныстық және жүрек қан тамырлары жүйесі зақымдалып, клиникалық белгілері одан әрі үдейді.
Қалай жұғады?
Адам бруцеллезді ауру малдың шикі сүтін қолданған кезде және оның сүт өнімдерін (ірімшік, май, сүзбе, сүзбе ірімшік), сондай-ақ, таза піспеген етін қолданған жағдайда жұқтыруы мүмкін. Жүн өндірісінде жұмыс істегенде, сондай-ақ, ауру малға күтім жасағанда, оның бөлінділері жұқтырылған заттар арқылы жұғуы мүмкін.
Бруцеллездің алдын алу
Ветеринарлық жағдайда өнімнің қауіпсіздігін куәландыратын ветеринарлық ілеспе құжаттары жоқ базарлардан, жолдағы дүңгіршектерден, жеке адамдардан ет және ет өнімдерін алмаңыздар.
Азық түлікті белгіленген орындардан (базарлар, дүкендер және т.б.) алған дұрыс. Етті әзірлеген кезде кішірек бөлшектерге бөліп, бір сағаттан кем емес уақыт термиялық өңдеу жүргізген дұрыс.
Сүт өнімдерін арнайы орындардан алмаған жағдайда, Сіздер денсаулықтарыңызға қауіп төндіресіздер.
Жеке адамдардан алған шикі сүтті пайдалануға жол бермеңіздер.
Жоғарыда аталған ұсынымдарды сақтау бруцеллез жұқтырудың алдын алып, Сіздің денсаулығыңызды сақтайды.