Кене энцефалиті.
Кене энцефалиті – бұл ми мен жұлынға әсер ететін инфекция. Көбінесе КЭ вирусы адамға жұқтырған кененің шағуы арқылы беріледі. Егер Сіз жақын арада демалысқа баруды жоспарласаңыз, онда кене энцефалитінің алдын алу жолдары туралы білу өте маңызды.
Фактілер:
Қайда? Кенелер жерге жақын мекендейді, оларды қала сыртында да, қалада да, саябақтар мен бақтарда, сондай-ақ ормандар мен шалғындарда кездестіруге болады.
Қашан? Әдетте кенелер наурыз – қараша аралығында 6°C-тан жоғары температурада белсенді болады. Алайда олардың белсенділік мерзімі жыл сайын климатқа байланысты өзгеруі мүмкін.
Қалай? Көбінесе КЭ адамға жұқтырған кененің шағуы арқылы беріледі.
Кене энцефалитінің негізгі белгілері қандай?
Адамды кене шағып алғаннан кейін вирус тіндерге еніп, белсенді көбейе бастайды. Содан кейін ол қан мен лимфаға өтеді. Ал содан кейін ол миға енеді.
Көбінесе аурудың инкубациялық кезеңі 10-14 күнге созылады, бірақ кене энцефалитінің дамуының басқа да түрлері бар:
Қауырт (күрт дамыған) - бұл өте қауіпті түрі, онда алғашқы белгілер инфекциядан кейін 24 сағаттан кейін пайда болады. Шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну керек, кешіктірудің әр сағаты өлімге әкелуі мүмкін!
Ұзаққа созылған - вирустың инкубациясы бір айдан астам уақытқа созылуы мүмкін.
Балалардағы, ересектердегі инфекцияның негізгі белгілері:
* Әлсіздік
* Дене қызуының көтерілуі (38-39 С дейін) және қалтырау
* Қатты бас ауыруы
* Қатты жарыққа қарай алмау
* Ұйқының бұзылуы
* Бұлшық еттердегі ауырсыну (мойын, иық, кеуде, бел, қол-аяқ)
* Бет гиперемиясы (терінің қызаруы)
* Жүрек айну және құсу
* Құрысулар
* Қол мен аяқтың салдануы
* Сөйлей алмау немесе қозғалысты бақылай алмау
* Төменгі қабақтың түсуі (птоз)
* Сананың жоғалуы
КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІНЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?
Қорғаудың ең сенімді шарасы - кене энцефалитіне қарсы вакцинация. Энцефалит бойынша қауіп ошақтарында жұмыс істейтін адамдар: геологтар, орманшылар, аңшылар міндетті түрде вакцинациялануы қажет.
Вакцинация аурудан тиімді қорғайды.
ШЖҚ «№16 қалалық емхана» КМК жыл сайын халыққа кене энцефалитіне қарсы вакцинация жүргізіледі.