Тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021жылғы 05 тамыздағы №ҚР ДСМ-75 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
2018 жылы №16 қалалық емхана аумағында пациенттерге
қолайлы болу үшін тұрғындарды тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз
ететін дәріхана ашылды. Дәріхана
қан алу пунктінің қасында орналасқан.