ШЖҚ "№16 қалалық емхана" МКК-да Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметі (ПҚжІАҚ) ұйымдастырылған.
Пациенттерді қабылдау күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін, №310 кабинетте жүргізіледі +7 705 473 04 96
1) пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) пайда болуына қарай және 5 күннен аспайтын мерзімде, пациенттерге сауалнама жүргізу арқылы медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерттей отырып, оларды орнында шешу;
2) кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды пайдаланудың жай-күйі мен тиімділігін бағалау;
3) пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау (клиникалық аудит) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
4) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету қағидаларын сақтау;
5) жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және жоюға бағытталған және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу
Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметінің функциялары:
1) Осы әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшада белгіленген ішкі индикаторларды қолдана отырып, өз үдерістері мен рәсімдерін бағалау, Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды енгізу бойынша Медициналық ұйымның бөлімшелері қызметінің тиімділігін талдау;
2) ауруханаішілік комиссиялардың қызметін талдау;
3) медициналық ұйымның басшылығына талдау нәтижесінде анықталған проблемалар туралы ақпаратты, ақаудың қайта туындауын жоюға және алдын алуға бағытталған әзірленген іс-шаралар жоспарын ұсыну;
4) медициналық ұйымның персоналына медициналық көмектің тиісті сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту және әдістемелік көмек;
5) медициналық ұйым қызметкерлерінің пікірін зерделеу және ұйымда пациенттердің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы персоналды хабардар ету.