Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «№ 16 Қалалық емхана» КМК
Байқау кеңесінің қызметі туралы ақпарат
«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның негізінде және «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2022 жылғы 29 сәуірдегі №107 «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесінің мүшесі лауазымына тағайындау туралы» бұйрығымен Байқау кеңесінің төмендегі құрамы бекітілді:
1. Токмурзиева Гульнара Женисовна - М. Айкимбаев ат. Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы бас директорының ғылым және зертханалық қызмет жөніндегі орынбасары;
2. Тлекеев Ельчат Толеугазиевич – зейнеткер, медицина саласының ардагері;
3. Ділбарханов Басымбек Пердебекұлы – «Dental city» стоматологиялық емханасы бас дәрігері.
4. Беркимбаева Агия Куандыковна - «Заңгер» журналының бас редакторы;
5. Ибраева Камиля Ертаевна – С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ амбулаторлық-емханалық педиатрия кафедрасының доценті;
6. Токкожаева Г.А. «Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы
Байқау кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, бекітілген Ережелермен қағидаларды басшылыққа алады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесінің тиісті өкілеттіктері бар, олардың негізгілері:
- даму жоспарының жобасы бойынша тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) қорытынды береді;
- даму жоспарының орындалуы туралы есеп жобасын келіседі, Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекітеді;
- демеушілік және қайырымдылық көмек пен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде Кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды;
- бюджет қаражаты мен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін Кәсіпорынның құжаттамасымен кедергісіз танысады;
- Кәсіпорын басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу және т. б. мәселелер бойынша тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсыныстарын келіседі.
Байқау кеңесінің отырысы жыл бойы әр тоқсанда өткізіледі. Байқау кеңесінің отырыстарында емхана жұмысының медициналық-экономикалық көрсеткіштері және емхана қызметін жақсарту жөніндегі басқа да мәселелер қаралады.
Барлық қаралатын мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданады, олар БК хаттамаларында көрсетіледі.